• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2017

Қостанайлық қария шаңғымен 80 шақырымдық сапарға жалғыз аттанды

228 рет
көрсетілді

Қостанай ауданының Садовый селосында тұратын зейнеткер Мұхамедқали Асқаров шаңғымен үш күндік сапарға шықты. Ол бұл жолы Қостанай қаласынан Федоров ауданының орталығына барады, екі орта 80 шақырым жер. 70 жастағы ардагер бұл жолды үш күнде жүріп өтуді жоспарлады. Қостанайда бұл күндері алтын күрек соғып, жылымық болып тұрғанымен  жел өте күшті. Қария соның барлығына шыдайтынына сенімді. Ол 1971 жылдан шаңғымен айналысады.  Ол ауа райынан да, жолдың алыстығынан да қорықпайтынын,   денсаулығына сенімді екенін айтты. «Өзім Федоров ауданында туып-өстім, ол менің кіші Отаным. Мен жүретін жолдың республикалық маңызы бар, Қазақстан мен Ресейді жалғастырады. Осы жолы да елді мекендердегі мектептер директорларымен келістім, оқушыларға спорттың, денешынықтырудың маңызы жөнінде әңгімелейтін боламын» дейді қария. Еске сал кетсек, Мұхаметқали Асқаров жаңа жел мерекесінде 105 шақырым болатын Әулиекөл ауданына үш күнде шаңғыменжеткен болатын. Ол туралы «Егемен» оқырмандарын хабардар еткен болатынбыз. Қарияның бұл жолғы сапары да жеңіл болмайды. Ол күніне шаңғымен 30 шақырымды алып отыруды жоспарлапты. Шаңғышы өзімен бірге қосымша жылы киім, шұжық, нан, термосқа лимон қосылған ыстық шай  салып алыпты. Сонымен қатар бір артық шаңғы да алған. Ардагер шаңғышы қостанайдан жүріп кетті, алдынан соққан желді тек оның жігері ғана жеңетін болады. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан» Сурет ng.kz сайтынан алынды